Ғаламторда араб тілінде Қазақстан туралы электрондық кітаптар жарық көрді

АБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Біріккен Араб Әмірлігінде Елшілігі интернет пайдаланушыларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерімен таныстыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде www.kazakhstan.ae жаңа веб-сайтын ашты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның Абу-Дабидегі тілшісі Арнұр Рахымбеков хабарлайды.
None
None

Ғаламтордағы электрондық кітапханадан араб тіліне аударылған ‎Мемлекет Басшымыздың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары, «Қазақстандық жол» кітабы, «Дағдарыстан шығу кілті», «Бесінші жол» және «Еуропадағы қауіпсіздік пен қауіпсіздік ұйымының тағдыры мен ‎болашағы» мақалаларын тауып алуға болады.

Келер жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеуге, сондай-ақ Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезін өткізуге дайындық шаралары аясында араб оқырмандарының назарына Елбасымыздың ‎«Ғаламдық қоғамдастықты ‎түбегейлі жаңарту ‎‎стратегиясы және өркениеттер ‎серіктестігі» сандық кітабын, «Қазақстан - көпэтносты ел» журналды, «Нұрсұлтан Назарбаев - ұлтаралық және ‎дінаралық татулықтың қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы» атты кітапты ұсынады.

Араб елдеріндегі қалың оқырмандар онлайн желісінде түрлі-түсті безендірілген «Бүгінгі Қазақстан» мен «Астана - Қазақстанның ірі басқару және инновациялық орталығы» атты арабша кітаптарды да оқи алады.

Соңғы жаңалықтар