Ғаламтордағы «Титаниктің» астаналық нұсқасы жұрт назарын аудартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда «Титаник. Астанадағы нұсқасы» атты шағын әзіл-сықақ видеосы кең таралып жатыр.
Қысқа ғана роликте «Кейт Уинслет» аялдамада қатып қалған Леонардо Ди Каприоны оятпақшы болып жатыр. Жастар арқаның қысы мен аязын әзілге бұрған.
Инстаграмда kk_prod (Качовый КаZахстан) жариялаған видеоны бірер сағаттың ішінде мыңдаған адам бөлісіп, лайк басқан.