Ғаламтордан мысықтар туралы бейнежазбаларды көру күйзелістен арылтады - ғалымдар

Зерттеушілер мысықтар туралы түсірілген бейнематериалдардың танымалдылығына зерттеу жүргізіп көрді: 2014 жылы YouTube желісіне шамамен 2 млн-ға жуық осындай видео салынған, оларды 26 млрд. адам тамашалаған. Яғни статистика бойынша, ғаламторда мысықтар туралы бейнежазбалар аса танымал. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай жазбалардың адамдарға терапевтік әсері бары да анықталды.
Зерттеуге 7 мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар олардың басты кейіпкері мысықтар болып табылатын бейнематериалдарды тамашалаған соң эмоциялық күйлерінің қалай өзгеретінін зерттеді. Нәтижесінде, видеодан бұл жануарларды тамашалау олармен тірідей қарым-қатынас жасаудан кем түспейтін әсер беретіні анықталды: зерттеуге қатысушылардың күйзелісі азайып, көңіл-күйлері жақсарған, олар ашу-ыза, тұнжырау немесе мазасыздану тәрізді жағымсыз эмоцияларды барынша аз сезінген, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.