20:33, 28 Қыркүйек 2015 | GMT +5
«Галатасарай» Астанаға келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия чемпионы «Галатасарай» Қазақстанға жергілікті «Астанамен» С тобында кездесуінен екі күн бұрын келді, деп хабарлайды uefa.com.
Қонақтардың жаттықтырушысы Хамза Хамзаоғлы қарамағындағы спортшылардың «Астана Аренадағы» жасанды газонға үйреніп үлгеруі үшін ертерек келуді ойластырған. Ыстамбұлдықтар бұл алаңда сәрсенбі күні өтетін ойынның алдында екі жаттығуын өткізбек.