Ғалымдар суды мұнайдан тазартуға арналған көп реттік полимер жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің Алдыңғы қатарлы инженерлік мектебінің химиктері судан мұнайды сіңіре алатын материал жасап шығарды, деп хабарлайды университет порталы

Ғалымдар суды мұнайдан тазартуға арналған көп реттік полимер жасады
Фото: spbu.ru

Полимер қабықшасы берік, суға батпайды және қайта пайдалануға болады. Сорбент – мұнай өнімдерінен жасалған, қалыңдығы бір микроннан аз көптеген талшықтан тұратын икемді қабықша. Олар ластаушы заттарды тиімді сіңіретін губка тәрізді құрылымды жасайды.

Полимер мұнай дақтарымен жанасқанда майды сіңіріп, біртіндеп қарая түседі. Тазалау аяқталғаннан кейін қабықшаны сығып, жуып, қайта пайдалануға болады, ал алынған мұнай одан әрі пайдалануға жарамды болып қалады. Ғалымдардың айтуынша, бес тазалау циклінен кейін материалдың сіңірілу қабілеті тек 15-20%-ға төмендейді.

– Біз оның тиімділігін мұнай мен мұнай өнімдерінің әртүрлі фракцияларында сынап көрдік. Сіңірілуі өте жоғары. Мотор майы үшін бұл материалдың бір грамына – 40 грамм май. Ал шикі мұнай үшін бұл бір грамға – 20 грамм, - деді Санкт-Петербург университетінің Алдыңғы қатарлы инженерлік мектебі Smart Ecotechnologies секторының жетекші маманы Анастасия Носова.

Сынақтар шынайыға ұқсас жағдайларда жүргізілді: теңіз суының тұздылығы бар су +4°C дейін салқындатылды, ал арнайы құралдар сұйықтық пен толқындардың қозғалысын модельдеді. Полимер батып кетпей, жаңбырлы ауа райында және қатты толқын жағдайында да су бетінде қалды. Жеңіл, берік және икемді, оны ең қиын жағдайларда да қолдануға болады.

Университет ғалымдары бұл әзірлеме экологиялық апаттарға қарсы күресте тиімді құралға айналуы мүмкін деп санайды және оның әлеуетті қолданылу салаларын зерттеуді жалғастырып отыр. 

Соңғы жаңалықтар