Ғалымжан Жұмашев Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы болды

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы болып Ғалымжан Жұмашев тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform. 

 Ғалымжан Жұмашев Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы болып тағайындалды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев басқарма ұжымына жаңа басшысыны таныстырды. Аудан, қалалық білім бөлімдерінің жетекшілерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, бірқатар тапсырма жүктеді. Мемлекет басшысының білім сапасын көтеру жөніндегі тапсырмаларын орындауды, өңірдегі білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуді міндеттеді. Тың идеялар күтетінін айтып, жұмысына сәттілік тіледі.

Ғалымжан Жумашев 1984 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Замануи гуманитарлық академиясының «заңгер» мамандығын бітірді. М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне білім алған, құқықтану магистрі.

2021 жылы Янка Купала атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) «құқықтану» мамандығы бойынша аспирант атанды.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «Алан» ЖШС-нің заңгер-кеңесшісі болып бастады. 2006 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің сот орындаушысы болды. 2007-2012 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінде жетекші маман, сарапшы, бас сарапшы болып еңбек етті.

2012- 2016 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық шарттар және заңнама басқармасының басшысы, Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары лауазымын абыроймен атқарды.

2016 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

2023 жылдан бүгінге дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің орталығы» Әкімшілік-кадрлық, құжаттамалық және құқықтық жұмыс қызметінің жетекші сарапшысы қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар