17:50, 25 Қаңтар 2025 | GMT +5
Галышева мен Городко фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM — Уотервиллде (АҚШ) фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңі басталды.

Турнир аясында могулшылар жекелей сында бақ сынады. Қазақстандықтардан ең үздік нәтижені Юлия Галышева көрсетті. Ол 6-орынға тұрақтады.
Анастасия Городко 9-орын алса, Аяулым Әмренова 26-орынмен аяқтады.
Ерлер арасында Павел Колмаков қорытынды кестеде 21-орынға жайғасса, Антон Бондарев 39-орын, ал Федор Бугаков 43-орын алды.
Айта кетейік, 25 қаңтарда параллель могулдан жарыстар өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін биатлоннан әлем кубогының кезеңінде қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсеткенін жазған едік.