Ғалымдар: Адамдардың 80 пайызы ұйқы кезінде тыныстың тоқтауы синдромынан зардап шегуде

Сауалдама кезінде 100 адамның 16-сы ғана ұйқымен және ұйықтап қалумен байланысты проблемаларының жоқтығын айтты.
Зерттеу нәтижесінде адамдардың 84 пайызынан ұйқының нашарлауы тіркелген. Ұйқысыздық, ұйықтап қалудың нашарлауы немесе мазасыз ұйқыға үнемі жұмыстағы күйзеліс немесе өмірдегі проблемалар себеп болып отыр.
Бұдан басқа, бұл проблемалар апноэ атты өлімге апаратын ауруға шалдықтырады немесе ұйқы кезіндегі тыныстың аяқ астынан тоқтап қалуының дамуына әкеліп соқтыруы мүмкін, деп жазады avufa.ru.
Бұл ауруға шалдыққан адамдар таңертеңнен бастап өздерін демалмағандай, кей кездері әлсіреген тәрізді сезінеді. Апноэнің басты себебі - адамның басынан өткен күйзелісі, эмоциялық уайымдауы мен үнемі шаршау сезімі. Жақындары мен туыстары бұл белгілерді байқаған жағдайда дереу дәрігерлерге қаралған жөн. Апноэ тыныс алудың толық тоқтауына әкеліп соқтыруы ықтимал - адам ұйқыдан кейін мүлдем оянбай қалуы мүмкін.