Ғалымдар: Әлеуметтік желілер оқиғаларды есте сақтауға көмектеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық ғалымдар әлеуметтік желілердің адам жадына әсері жайлы жаңа зерттеу жүргізіп көрді. Олар ғаламторда бөліскен оқиғалар ұзақ есте қалады деп есептейді.

Зерттеу авторы Ци Ванның пікірінше,  өмірдің маңызды сәттерін ғаламторға жариялау керек, сонда ол есте ұзағырақ сақталады. Бұл үшін Twitter, Facebook, «ВКонтакте» және өзге де желілер бар.

Зерттеуге 66 студент қатысты. Оларға күнделік жүргізіп, барлық оқиғаны жазып отыру міндеттелді. Әлеуметтік желіге жарияланған оқиға маңына белгі қойылды.

Сондай-ақ, студенттер әр оқиғаны маңыздылығы бойынша 5-баллдық шкаламен бағалады. Апта соңында зерттеушілер қай оқиғаның есте қалғанын сұрады.

Белгілі болғандай, олар ғаламторға жариялаған оқиғаларды есте сақтап қалған. Бір аптадан кейін де дәл осы нәтиже қайталанған.

Біраз уақыт өткен соң ғалымдар студенттерге тағы да күнделік жүргізуді, тек ғаламторға маңызы жоқ оқиғаларды жариялауды тапсырды. Бұл сауалнама қорытындысы да бәз баяғы: әлеуметтік желіге жарияланған ақпараттар көбірек есте сақталған.

Осылайша, адамдар әлеуметтік желілерге жариялаған оқиғаларды ұзақ есте сақтайтыны анықталды, деп жазды Svopi.

Соңғы жаңалықтар
telegram