Ғалымдар алғаш рет Паркинсон ауруының дамуын тоқтатуға қол жеткізді

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің неврология профессоры Джефф Бронштейн әріптестерімен бірге «молекулярлық қысқаш» бола алатын жаңа қосылыстарды жасады:
None
None

ол белгіленген жерлерден альфа-синуклеин ақуызы молекуласын ұстап алып, олардың бір-біріне жабысуына жол бермейді, деп хабарлады Лента.ру.

Альфа-синуклеин Паркинсон ауруын туғызатын факторлардың бірі: бұл сырқат кезінде оның құрылымы бұзылады, ретсізденіп, әрекетке енжар болып, бұл ақуыз агрегаттарының пайда болуына, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі нейрондарының жансыздануына әкеп соқтырады.

Калифорния ғалымдары жасаған молекулярлық қысқаш альфа-синуклеиндердің пайда болуына кедергі жасайды, сонымен бірге бұл ақуыздың уыттылығын басып, пайда болған агрегаттарды бұзады. Сондай-ақ ол бас миінің қалыпты жұмысына әсер етпейді.  

Альфа-синуклеин үшін молекула-қысқаш  CLR01 деп аталады және оның химиялық құрылымы бар. Оның әрекеті аквариум балықтарында және жасушаларда тексерілді. Қазіргі кезде оның тышқандарға әсері зерттелуде, содан кейін адамдарды сынауға қолданылмақ. Бүгінгі таңда Паркинсон ауруының белгілерін ғана емдейді, бірақ оның дамуын  тоқтататын препараттар жоқ.

Бронштейннің қосалқы авторлармен бірлескен зерттеуі Neurotherapeutics журналында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар