21:12, 09 Наурыз 2016 | GMT +5
Ғалымдар артық салмақтан арылудың тағы бір жолын көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хьюстон Университетінің, Бэйлор медициналық колледжінің және Техас Университетінің мамандары аптасына төрт рет жержаңғақ майын (арахис) немесе жержаңғақты пайдалануға кеңес береді. Ғалымдардың сөздеріне қарағанда, бұл артық салмақтан қорғайды, деп жазды Zee News.

12 аптаға созылған зерттеуге 257 жеткіншек қатысты. Еріктілердің шамамен жартысы аптасына үш-төрт рет жержаңғақ немесе жержаңғақ майын пайдаланды. Қалғандарына аптасына бір реттен кем берген. Қатысушылар 12 апта бойы осылайша жержаңғақты пайдаланды.
Зерттеу көрсеткендей, үнемі жержаңғақ майы немесе жержаңғақты пайдаланған жеткіншектердің Дене массасының индексі 24 аптадан соң оны сирек тұтынғандармен салыстырғанда төмендеген. Осылайша, ғалымдар оқушыларға жержаңғақ майы немесе жержаңғақты пайдалануға кеңес береді.