Ғалымдар асыл тастан тұратын ғаламшар тапты

«Алмаспен қапталған» ғаламшар Жерден 1200 жарық/жыл қашықтықта орналасқан. Зерттеуші топтың жетекшісі доктор Никку Мадхусудханның айтуынша, әлгі ғаламшар асыл тасқа өте бай көрінеді. Және ол планетаның атмосферасындағы көміртектің құрамы тым жоғары екен. Ғаламшардың «асыл тасты» топырағы туралы мәліметтер NASA -ның Spitzer телескопының көмегімен жүргізілген зерттеу жұмысының барысында алынған.
Лондондағы Гринвич обсерваториясының мамандарының есептеуінше, әлгі аспан денелерінің үсті алмас тастардан, графиттен және көміртектің басқа да қосылыстарынан тұрады екен, және әлгі заттардың біразы сұйық түрде болуы да ықтимал.
Зерттеулершілердің пайымдауынша, ғаламда мұндай алмас планеталар көп болуы мүмкін. Бірақ, оларда су болмайды, оны көміртекке бай сұйықтықтар алмастыруы ықтимал.