Ғалымдар батареясыз жұмыс істейтін ұялы телефон ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон университетінің зерттеушілері аккумуляторсыз жұмыс істейтін ұялы телефон ойлап тапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Wired порталына сілтеме жасап.

Ғалымдар батареясыз жұмыс істейтін ұялы телефон ойлап тапты

Жаңа телефон қоршаған ортадан энергия алатын болғандықтан, оны жасау  технологиясын қайтадан ойлап табуға тура келді.

«Телефоныңыздың қуаты таусылып қалса да, сіз хабарлама жіберіп, қоңырау шала алатындығыңызды көз алдыңызға елестетіңізші», - дейді лаборотория қызметкерлерінің бірі Джошуа Смит.

Ол гаджеттер ең жоғары қолданысқа ие болғандықтан, басқа емес, нақ осы ұялы телефон технологиясына тоқталғандықтарын айтты.