Ғалымдар донорлықтың денсаулық үшін пайдалы екендігін дәлелдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қан доноры болу денсаулық үшін пайдалы. Бұл фактіні кезекті рет ғалымдар 43 пен 61 жас аралығындағы 2,5 мың адамға жүргізілген зерттеуден кейін дәлелдеді.
None
None

Мамандар қан тапсыру имммунитетті күшейтіп, қан жасушаларының регенерация жылдамдығын арттырып, ағзаның инфекцияларға деген қарсылығын күшейтеді деген шешімге келген. Сонымен бірге, донорлардың жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт, миокард инфаркті сияқты дерттерге шалдығу қаупі төмен.

«Сарапшылар анықталған фактілерді донорлық кезінде қанның өздігінен тазаратындығымен түсіндіреді. Ал бұл жүрек-қан тамырлары аурулары, асқазан мен ішек, иммундық жүйенің, бауыр дерттерінің алдын алуда таптырмас әдіс. Донорлық кезінде ағза қан азаюы мүмкін жағдайдың алдындағы дайындықтан өтеді. Сондықтан донорлардың ешқашан қан тапсырмағандардан гөрі аман қалуға мүмкіндіктері көп», деп хабарлады Росбалт.

Соңғы жаңалықтар