12:56, 06 Мамыр 2009 | GMT +5
Ғалымдар ғарыштың шекарасын тапты
ВАШИНГТОН. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат – АҚШ пен Канада ғалымдары ғарыштың шекарасын нақтылады.

Олардың анықтауынша, ғарыштың шекарасы 118 шақырым биіктікте орналасқан. Бұл зерттеуді жүргізуге ғалымдардың жаңа жобасы - Supra-Thermal Ion Imager аппараты көмектескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Аппарат атмосферада және ионосферада қозғалатын жоғары энергетикалық бөлшектердің қозғалыс көрсеткіштерін есептеген. Нәтижесінде ол мәліметтер бұған дейін басқа әдістер арқылы алынған көрсеткіштермен сәйкес шыққан. Дегенмен әзірге ғарыш кеңістігінің салыстырмалы шекарасына қатысты ортақ пікір жоқ. Көбіне 100 және 122 шақырымның аралығы аталады.