Ғалымдар Керекуде керіктер мекен еткенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы «Тарихи-мәдени мұра, этнография» тақырыптық кеңесінің вице-президенті Жәкен Таймағамбетовтің пайымынша, ежелгі Ертіс аумағы қазіргі Африкадағы саваннаға ұқсас болған.

«Өткен жылы біз Археология институтымен бірлескен экспедицияны өткіздік. Олар Ертіс бойында ежелгі адамдардың ізін табуға қызығушылық білдірген болатын. Бұрындары Павлодарда палеозоологиялық қазба жұмыстары жүргізілген болатын, яғни Ертістің жағасындағы жарда гиппариондық фаунаға жататын жануарлардың қаңқалары табылды. Атап айтқанда, 15 млн. жыл бұрын бұл аумақ қазіргі Африкаға өте ұқсас болған екен. Осы жерде үш аша тұяқты жылқылар, керіктер мекен еткен. Сондай-ақ бұл жерде мамонттардың қалдықтары бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ғалым Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы бастамасымен өткен экспедиция биыл да жалғасатынын жеткізді.

«Өткен жылы экспедицияға Колорадо университетінің, Австралия оқу орнының студенттері қатысқан болатын. Негізі, ниет білдіргендер көп. Қазақстан шетел зерттеушілерін де тартуда»,-деді Ж. Таймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар
telegram