Ғалымдар Қызыл теңіздегі «ән айтатын жер сілкіністерінің» құпиясын ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сібір ғалымдары мен олардың Сауд Арабиядағы әріптестері Қызыл теңіз жағалауындағы «ән айтатын жер сілкіністерінің» құпиясын ашты.
None
None

Қызыл теңіздің Мысырдағы жағалауында ғасырлар бойы селкілдеуі бар гуіл естіледі. Әдетте, адамның құлағы кәдімгі жер сілкіністерінен шыққан дыбысты елемейді.

Ғалымдар дыбыстың қайдан шыққанын анықтау үшін айналадағы жердің томографиясын жасады. Гуіл естілетін жерде жер қыртысының жарылған жері бар екені анықталды. Қызыл теңізге дейін жалғасатын жарыққа үнемі су келіп отырады. Жарық үстінгі жағынан қалыңдығы бес шақырым монолиттермен жабылған. Монолиттің ішінде сейсмикалық дыбыс еш тынбастан жоғарыға адам еститін диапазонға шығып отырады.

Соңғы жаңалықтар