Ғалымдар Лениннің өліміне қатысты жаңа жорамалды алға тартты

деп хабарлайды Лента. ру The Washington Post -ке сілтеме жасап.
Кеңестік көшбасшысының өлімін американдық невролог Гарри Винтерс пен ресейлік тарихшы Лев Лурье анықтауға тырысқан көрінеді. Олар өздерінің жұмыс нәтижесін Мэриленд университеті жанындағы Медициналық мектебінде түрлі тарихи қайраткерлердің өліміне арналған жыл сайынғы конференцияда ұсынды.
Ленин 1924 жылы 21 қаңтарда 53 жасында қайтыс болды. Ресми қорытынды бойынша ол бас миы тамырлары атеросклерозының таралуынан зардап шеккен. Лурьенің сөзіне қарағанда, Лениннің жағдайы біртіндеп нашарлай бастаған. 1921 жылы инсульт алған. Дегенмен де тарихшының пайымдауынша, кеңестік көшбасшы инсульттен кейін қайта қалпына келіп, 1924 жылдың басында аңшылыққа шығуға да қауқарлы болған.
Винтерс Лениннің ауруының тарихын және оның мүрдесін тексеру хаттамасын зерделей келе, саясаткер өлімінен бірнеше сағат бұрын белсенді болғанын және әңгімелесіп, тың жүргенін қорытындылады. Алайда, өлім алдында ол бірнеше мәрте қалш-қалш етіп ұстамалы ауруды басынан кешкен. Неврологтың пайымдауынша, бұл инсульттың классикалық белгілеріне ұқсамайды. Осыған байланысты баяндаманың авторлары кеңестік саяси қайраткер уланып өлді дегенді тұспалдап отыр.