13:16, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Ғалымдар малайзиялық Boeing-тың құлауынан болған шуды тіркеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы суасты құралдары осы жылдың наурыз айында жоғалған малайзиялық Boeing-тің құлауынан болуы мүмкін шуды тіркеген, деп хабарлады Day.Az RT-ға сілтеме жасаған.
РИА Новости хабарлағандай, Австралияның Перт қаласы Curtin University университетінің ғалымдары суасты сигналдары, соның ішінде болуы мүмкін суасты жарылыстарын бақылауға арналған құралдардың мәліметтерін пайдаланған. «Бірнеше құрылғыдан бір сигналдың апатқа қатысы болуы мүмкін», - деп мәлімдеді университет өкілі Алек Дункан.
Ғалымдардың мәліметтері бойынша, дыбыстың дереккөзі наурыз айында жазу кезінде Үнді мұхитындағы лайнерді іздеу ауданынан бірнеше мыңдаған шақырым жерде болған. Және оны нақты анықтау мүмкін болмай отыр. Дунканның айтуынша, бұл «табиғи құбылыс» болуы әбден мүмкін.