21:41, 07 Қазан 2009 | GMT +5
Ғалымдар Рим империясы халқының санын анықтады
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Италия мен АҚШ-тың бір топ ғалымдары: «Рим империясы өмір сүрген түрлі кезеңдерде оның тұрғындарының саны қанша болған?» - деген сұраққа жауап іздеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Зерттеу деректеріне сай жыл санауға дейінгі ІІ-ІІІ ғасырларда Рим империясындағы ерлердің саны 200-400 мың адамды құраған. Алайда біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында-ақ азаматтардың жаңа санаттарын ескергенде 5 миллион адамға өскен.