Ғалымдар Рио ойындарын көшіруге кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем бойынша жүзден астам жетекші ғалым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ашық хат жазған. Онда Зика безгегі салдарынан Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарын шегеруді немесе көшіруді сұраған.
None
None

Хатқа денсаулық сақтау саласындағы 125 сарапшы қол қойған. Олардың қатарында Оксфорд, Гарвард және Йельск университеттерінің сарапшылары бар, деп хабарлады РБК.

"Ойындарға қатысатын елдерден келетін 500 мың шетелдік турист басын қауіпке төндіреді. Олар вирусты таратушы ретінде үйге оралып, тұратын жерінде ауруды таратуы мүмкін", - делінген хатта.

Ғалымдардың айтуынша, Зика эпидемиясы кезінде олимпиада өткізу дұрыс емес. Олар ДДСҰ Зикаға байланысты ережелер мен шектеулерді қайта қарауды сұрады.

Мамыр айында Халықаралық олимпиада комитеті эпидемияға қарамастан, Ойындардың орнын немесе уақытын өзгертетін себеп жоқ екенін айтқан.

Риодағы Олимпиада 5- 21 тамыз аралығында өтуі тиіс.

Зика эпидемиясы Бразилияда өткен жылы басталған. Қазір ол 60 елге тарады.

Соңғы жаңалықтар