Ғалымдар шаршағанды басатын түсті анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдардың айтуына қарағанда, көгілдір түс шаршағанды басып, қырағылық пен жұмыс барысында өнімділікті арттырады. Бұрын мұндай нәтижеге адамдарды түнде зерттеу кезінде қол жеткізген мамандар, енді бұл әсер күндіз де сақталатынын дәлелдеп отыр, деп хабарлайды meddaily.ru
None
None

Жадаулықпен күресте қандай толқынның ұзындығы тиімді екенін түсіну үшін зерттеушілер Томас Джефферсон университетінің ғалымы Джордж Брйнардтың көмегіне жүгінген. Ол арнайы құрал жасап шығарып, соның көмегімен 16 еріктінің мысалында көк түс пен жасыл түстін әсерлерін салыстырып зерттеген. Еріктілерді бір тәуліктің ішінде 6,5 сағат бойы күннің сәулесімен емдеген.

Зерттеуге қатысқан еріктілер аталған емдеуден кейін ұйқышылдықты сезінген айтқан. Бұған қоса, олардың әрекет ету жылдамдықтарын да тексерген. Бастарына электрод кигізіп, ми белсенділігінің өзгеруін бақылаған. Сол кезде көк түспен емдеу ұйқышылдық пен әрекет ету жылдамдығын азайтқанын айқындаған. Бұл ретте, мидың белсенділігі де адамның жұмысқа дайындығы мен қырағылы артқанын дәлелдеп берген.

Соңғы жаңалықтар