Ғалымдар шайдың жаңа пайдалы қасиеттерін анықтады

Зерттеу нәтижелері туралы еуропалық кардиологиялық қоғам конференциясында айтылды, деп хабарлады Росбалт.
Француз ғалымдары барлығы 131 401 адамға сауалнама жүргізген, олар Парижде дерттің алдын алу жөніндегі медициналық орталықта тексеруден өтті. Мұнда сынақтан өтуші кофе/шай ішпейтінін немесе күніне оны 1 кеседен 4 кесеге дейін ішетінін болмаса 4 кеседен артық ішетінін - қажеттісін белгілеуі тиіс болды.
Әр респондентті ғалымдар үш жарым жыл бойы бақылады. Осы кезеңде олардың ішінен жүрек-қан тамырлары ауруларынан 95 адам, ал басқа себептерден - 632 адам көз жұмған.
«Жалпы кофені тұтыну аурулардың туындау қатерін арттырса, шайға деген құмарлық мұндай қатерді төмендеткен. Сонымен бірге гендерлік заңдылықты анықтадық - ер адамдар кофені көп ішсе, әйелдер ер адамдарға қарағанда, шайды көп ішеді екен», - дейді Рене Декарт атындағы Париж университетінің қызметкері Николас Данчин.
Шайды тұтынудың жүрек-қан тамырлары жүйесіне байланысты емес аурулардан өлім-жітімге ұшырау көлемін 24 пайызға төмендетуін ғалымдар оның құрамында антиоксиданттардың болуымен байланыстырды.