06:04, 17 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Ғалымдар: Шылым шегетіндер тіссіз қалуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бирмингем университетінің мамандары шылымқорлар тіссіз қалуы мүмкін екендігін айтуда.

Ғалымдардың жаңа зерттеуіне әр түрлі жас аралығындағы 23 376 адамды қатыстырып, үш топқа бөлген. Олар шылым шегу мен тістен айырылу қаупінің арасындағы байланысты зерттеген, деп жазады шетелдік БАҚ.
Зерттеу барысында анықталғандай, шылымға тәуелді ер адамдарда тістің түсу қаупі 3,6 рет жиі болатыны байқалған. Ал шылым шегетін әйелдер ол қауіп 2,6 ретке өскен. Сондай-ақ қарттарға қарағанда шылым шегетін жастардың тісі жиі босап, түсетіні анықталған.
Белгілі болғандай, шылым шегу тісжегінің пайда болу, қызыл иектің қабыну ауруларына алып келеді.