Ғалымдар: Смартфон адамның көңіл күйіне әсер етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар смартфондар иесінің көңіл күйіне кері әсерін тигізетінін анықтады. Әсіресе ол гаджетін тіпті түскі ас кезінде де қолынан тастамайтын адамдарға қатысты.

Корея Республикасының мамандары алдымен түскі астағы үзілістің жұмыстың өнімділігі мен жұмыскерлердің жалпы жағдайына әсерін анықтамақ болады. 450 адам қатысқан зерттеу кезінде түскі үзілістің ұзақтығы адамдардың эмоциялық және физикалық жағдайына еш әсерін тигізбейтіні белгілі болды.

Алайда бұл жерде жұмыскердің үзіліс уақытын қалай өткізетіні маңызды екені анықталды. Егер түскі үзіліс кезінде адам смартфонынан бас алмаса, онда ол жұмыс уақыты аяқталған кезде шаршаңқы әрі ашушаң болады екен.

Ал егер жұмыскер әріптестерімен бірге түскі ас ішіп, тамақтану барысында көңілді әңгімелер өткізсе, онда жұмыс уақыты аяқталғанда ол көңілді болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram