01:03, 02 Маусым 2015 | GMT +5
Ғалымдар: төменгі қабатта тұру денсаулыққа пайдалы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші, екінші қабаттарында тұру жоғарғы қабатта тұрғанға қарағанда денсаулыққа пайдалы.

Медицина ғалымдары жоғарғы қабатта магниттік өріс түрлі аурулардың тууына әсер ететінін анықтап, дәлелдеді. Жоғарғы қабатта тұратын адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу жиі кездеседі, деп жазады шетелдік БАҚ.
Осылайша, аталарымыздың «адамзат жерге жақын болу керек» деп айтып жүрген қағидаларын мамандар ғылыми түрде дәлелдеп шықты.
Зерттеу барысында белгілі болғандай, жоғарғы қабатта тұратын адамдар тірек-қимыл аппаратары ауруларына, жүрек-қан тамыры ауруына, иммунитет бұзылысы мен жүйке жүйесі ауруларына жиі шалдығады екен.