Ғалымдар Жерден 17 есе ауыр жаңа планета тапты
ИТАР-ТАСС хабарлағандай, швейцариялық оқу орнында «NASA Kepler» астрономиялық жер серігінің көмегімен табылған Кеплер-10с деп аталатын экзопланета жайлы сөз болып отыр.
Жерден 560 жарық жыл қашықтығындағы бұл ғаламшардың ерекшелігі, теоретикалық модельдердің осыншалық үлкен мөлшердегі тас планеталардың болуын қарастырмайтындығында деп түсіндіреді ғалымдар. Бұрындары ол мүмкін емес деп саналды, себебі осы сияқты алыптардың қатты гравитациялық тартылуы тек материалдарды ғана емес, сонымен бірге, бүкіл сутегі мен гелийді тартып алар еді. Сәйкесінше, бұл планетаның құрылымын қатты емес, керісінше Юпитер тәрізді газды етер еді.
Алдында ғалымдар Айдаһар шоқжұлдызының бағытында орналасқан және 45 күн ішінде өз жұлдызының белдігін айналып шығатын Кеплер-10с диаметрі 29 мың шақырымда құрайды, Жер диаметрінен 2,3 есе үлкен. Олар сутегі мен гелийден тұратын шағын Нептун жайлы сөз болып отыр деп пайымдаған болатын. Алайда ғалымдардың HARPS-Nord жобасының аясында Канар аралдарындағы Пальма аралында орнатылған телескоптың көмегімен жүргізген өлшемі планета салмағының әлдеқайда көп екенін көрсетті. Ал Кеплер-10с - жартастар мен басқа қатты материалдардан тұратын қатты планета.