Ғалымдар: Жомарттық адам өмірін ұзартады

Бұған дейін ғалымдар қайырымдылыққа қаржы жұмсау бақытқа бөлейтінін анықтаған болатын. Ал оның денсаулыққа әсері бар ма, жоқ па ол жағы белгісіз еді. Канада ғалымдары бұл сұрақтың жауабын шешуге бел байлады.
Тәжірибеге 65-85 жас аралығындағы 128 ерікті қатысты. Оларды екі топқа бөліп, апта сайын 40 доллардан беріп отырды. Бірінші топтағы адамдар берген ақшаны өз пайдаларына жұмсаса, екінші топ ол қаржыны басқа біреулерге жұмсауы тиіс болды.
Мамандар тәжірибе алдында барлық қатысушылардың денсаулығын қарап шығады. Зерттеу соңында белгілі болғандай, екінші топтағы адамдардың қан қысымы айтарлықтай төмендегені байқалды. Зерттеу авторларының айтуынша, ең жақсы нәтиже қан қысымы жоғары адамдарда болған. Олардың тәжірибе кезінде ешқандай дәрі-дәрмексіз қан қысымы төмендеп, қалыпқа келе бастаған.
Фото: mamamv7.ru