Ғалымдар жұмыс бастауға ең тиімді уақытты анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пенсильвания Университетінің мамандары таңертең жұмысты сағат 10-нан бастау қызметкерлердің жұмыс өнімділігі мен белсенділігін арттырады деген пікір айтуда, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Ғалымдардың пайымдауынша, артық 20 минут ұйқының өзі адамдарға жақсы әсер етіп, көңіл күйі мен жасаған жұмысына оң әсерін тигізеді.

Мамандар 120 мың адамның жұмыс кестесін бақылауға алған. Бұл жерде адамдардың ұйқыға қанша уақыты кететіні басты назарда болған. Нәтижесінде жұмысты ерте бастау қызметкерлердің жұмыс өнімділігіне кері әсер ететіні анықталды, ал кешірек, мысалы сағат 10 кезінде бастау ұжымның еңбек өнімділігін де, көңіл күйді де арттыратын көрінеді. Белгілі болғандай, жұмыстары сағат 6 кезінде басталатын адамдар орташа алғанда 6 сағаттай ұйықтаған, ал қызметі 9-10 кезінде басталатын адамдардың 7,5 сағат уақыты ұйқыға кетеді екен. Ал бұл денсаулыққа өте пайдалы деп есептейді ғалымдар.

Соңғы жаңалықтар