«Ғалымдардың еуразиялық экономика клубы» қауымдастығының үйлестіру кеңесі ашық Үндеу жолдады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – «Ғалымдардың еуразиялық экономика клубы» қауымдастығының үйлестіру кеңесі ашық Үндеу жолдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат www.economyclub.info. сайтына сілтеме жасап.Құжaтта өткен жылдың аяғы мен ағымдағы жылдың басында жаһандық экономикалық дағдарысты жеңу бойынша іс-шараларды әзірлеу мақсатында жоғары деңгейде бірнеше халықаралық кездесулердің өткізілгені айтылған. Бұлар ?G?20 саммиті (Вашингтон, АҚШ, 2008 жылғы қарашаның 15-і), Азия және Еуропа елдері халықтарының форумы, «Жаңа әлем, жаңа капитализм» коллоквиумы (Париж, Франция, 2009 жылғы қаңтардың 8-і мен 9-ы), Дүниежүзілік экономикалық форум (Давос, Швейцария, 2009 жылғы қаңтардың 28-і мен ақпанның 1-і). Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылдың көктемінде «Ғалымдардың еуразиялық экономика клубы» қауымдастығы құрылған болатын. Оның мақсаты экономикалық және әлеуметтік дамудың көкейкесті проблемаларын шешу үшін түрлі елдердің экономист-ғалымдары мен практиктерінің күшін біріктіру болып табылады. «Ғалымдардың еуразиялық экономика клубы» Қауымдастығының Құрметті Президенті Н.Назарбаевтың атап айтқанындай, әлемдік қоғамдастықтың күшімен «жаңа жаһандық, бірақ өте ерекше рынок қалыптастырылды. Бұл әлемдік дағдарыстан шығудың жаһандық жолдары мен жоспарларының рыногы, дағдарыстан шығу «кілтінің» рыногы. Оған деген сұраныс ұсыныстан әлдеқайда жоғары», - делінген Үндеуде.2009 жылғы наурыздың 11-і мен 12-сі аралығында «Жаһандық тәуекелдер жүйесіндегі Еуразиядағы экономикалық қауіпсіздік» деген тақырыпта өтетін II Астана экономикалық форумы ұсыныстар мен нақтылы іс жүзіндегі ұсынымдарды жан-жақты талқылау үшін алаң болмақ.Құжатта сонымен қатар, ғалымдарды II Астана экономикалық форумына қатысуға шақырады. Егер қатыса алмаған жағдайда 2009 жылғы наурыздың 1-і мен 10-ы аралығында жоғарыда аталған тақырып бойынша өтетін Интернет-форумға қатысуға шақыру жөніндегі өтініш айтылған (www.economyclub.info сайты, «Форум» бөлімі). Үздік ұсыныстар G?20 мемлекеттер басшылары саммитіне арналған Ашық хаттың мәтініне енгізіледі және «Ғалымдардың еуразиялық экономика клубы» қауымдастығының ақшалай сыйлығымен марапатталатын болады. Үздік ұсыныстардың авторлары Ашық хаттың авторлық ұжымының құрамына енгізіледі.«Ғалымдардың еуразиялық экономика клубы» қауымдастығының үйлестіру кеңесі ұсыныстарды мына электрондық мекен-жайға жіберуді сұрайды: [email protected], [email protected].
Соңғы жаңалықтар