18:31, 01 Желтоқсан 2011 | GMT +5
«Ғалымсымақ» масылдардан арылып, талантты жастарға жағдай жасау керек - Елбасы
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаев барлық академиялық мекемелердің қызметіне тексеріс жүргізуді тапсырды. Бұл міндетті Елбасы Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумы барысында Білім және ғылым министрлігіне жүктеді.

«Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, барлық академиялық мекемелердің қызметіне тексеріс жүргізуі қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаевтың пайымынша, «ғалымсымақ» масылдардан арылып, талантты жастарға жағдай жасау керек. Сонымен қатар ғылыми мекемелері оңтайландыру «Ғылым туралы» жаңа заңға сәйкес құрылатын зерттеу ниституттары үшін қажетті ресурстарды босатуы тиіс.
«Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Ғылым туралы ұлттық баяндаманы дайындау жаңа модельге шығуы маңызды», - деді Мемлекет басшысы.