Гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Египетке есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының 24-32 орындар үшін плей-офф сатысында екінші топта Египетке есе жіберді.

Гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Египетке есе жіберді
Фото: Халықаралық гандбол федерациясы

Отандастарымыз үшінші кездесуде африкалық қарсыластарына 18:30 есебімен жеңіліп қалды. 

Оған дейін олар Кубаға 28:29, Қытайға 30:32 есебімен жол берді. 

Ал іріктеу сатысының топтық кезеңінде қазақстандық гандболшылар Анголаға 20:38, Норвегияға 16:41, Оңтүстік Кореяға 17:35 есебімен жеңіліп қалды.

Енді олар 10 желтоқсанда 31-орын үшін Иранмен шеберлік байқасады.

Қазақстандық гандболшылар 2008 жылы Олимпиадада 10-орынға алған еді. Одан кейінгі жылдарда дүбірлі додадан тыс қалды.

Отандастарымыз қазірге дейін әлем чемпионатында жеті мәрте бақ сынады. Олардың жоғары жетістігі - 2007 жылғы 18-орын.

Дүбірлі додада барлығы 32 құрама сынға түсіп жатыр.

Гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Ресей - 7, Норвегия мен Германия -4, Франция - 3, Венгрия, Сербия, Дания, Румыния, Нидерланд, Чехословакия, Оңтүстік Корея мен Бразилия -1 мәрте чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар