Гандболдан әйелдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан командасы Иранды жеңді

Бүгін гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ираннан басым түсті, деп хабарлайды Kazınform. 

Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Украинаға есе жіберді
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гандболшы қыздар жарыстың алғашқы сатысында G тобында сынға түсіп, Испаниядан 17:34, Бразилиядан 16:46, Украинадан 24:37 есебімен жеңіліп қалды.

Әлем чемпионатының алғашқы сатысында әрбір топта төртінші орынды місе тұтқан құрамалар Президент кубогында екі топқа бөлінді.

Екінші топта бақ сынаған қазақстандық гандболшылар алғашқы екі ойында Конго Республикасына 36:37, есебімен есе жіберді.

Одан кейін Жарыстың аталған сатысында екінші топтағы алғашқы ойында қазақстандық гандболшылар Конго Республикасына 36:37, Чилиге 23:27 есебімен есе жіберді.

Бүгін ел құрамасы Иран құрамасын 33:29 есебімен сүріндірді.

Енді қазақстандық гандболшылар 13 желтоқсанда бірінші топта үшінші орын алған құрамамен 29-орын үшін сынға түседі.

Әлем чемпионаты 17 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші – 2007 жылғы 18-орын.

Соңғы жаңалықтар