Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін, 4 желтоқсанда екінші турда Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Украинаға есе жіберді
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гандболшылар А тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары — Қытай, Сингапур және Оңтүстік Корея.

Алғашқы турда ел құрамасы Қытайды 28:26 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, 6 желтоқсанда олар Сингапурмен ойнайды. 

Ал В тобында Жапония, Үндістан, Гонконг және Иран сынға түсіп жатыр.

Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар плей-офф сатысына жолдама алады. 

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2010 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдегер атанды.

Еске салсақ, олар былтыр әлем чемпионатында жалпы есепте 30-орынды місе тұтты.

Соңғы жаңалықтар