Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қола жүлдеге таласады
Қазақстандық спортшылар жартылай финалда Жапониядан 24:38 есебімен жол берді. Нәтижесінде финалға қарсылас құрама жолдама алды.
Олар финалда 25 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен сынға түседі.
Корей спортшылары бүгін жартылай финалда ирандық гандболшылардан 46:21 есебімен басым түсті.
Ал Қазақстан құрамасы 3-орын үшін Иранмен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, қазақстандық қыздар А тобында сынға түсті.
Алдымен Сингапурден 33:18, Гонконгті 31:29, Өзбекстанды 31:28 есебімен жеңсе, Оңтүстік Кореяға 20:40 есебімен жол берді.
Осылайша өзінің тобында екінші орын алды.
Айта кетсек, құрлықтық дода 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұған дейін Оңтүстік Корея 14 мәрте чемпион атанды.
Ал Қазақстан құрамасы 2002 және 2010 жылдары екі мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді.
Ал Жапония бір мәрте алтыннан алқа тақты.