Ғанижан Асанұлы Экология министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ғанижан Асанұлы ведомство аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғанижан Асанұлы Экология министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Ғанижан Асанұлы 1986 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қаржы полициясы академиясын, Kings College London (Ұлыбритания) оқу орнын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2008–2009 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған.

2012–2014 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2014–2017 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаментінің Мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының бас консультанты, басшысы.

2017–2018 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңес басшысының орынбасары — хатшылық меңгерушісі.

2018–2019 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңес басшысының орынбасары — хатшылық меңгерушісі.

2019–2020 жылдары — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.

2020–2021 жылдары — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі директорының орынбасары, Парасаттылық департаментінің директоры.

2021–2022 жылдары — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметі басшысының орынбасары.

2022–2023 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін Әділет Тұрғанбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.