Ғарышқа 10 мыңнан астам Starlink спутниктері шығарылған
АСТАНА. KAZINFORM — SpaceX компаниясы екі сағат ішінде төмен орбиталы Starlink спутниктерінің тобын екі рет сәтті ұшырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Бірінші ұшырылым 2025 жылғы 19 қазанда UTC уақыты бойынша сағат 17:39-да АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен жүзеге асты, ал екінші ұшырылым сол күні сағат 19:24-те Калифорния штатындағы Ванденберг ғарыш айлағынан өтті. Нәтижесінде Жердің төменгі орбитасына 56 спутник жіберілді.
Статистикаға сәйкес, 2019 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде Starlink спутниктерін орналастыру барысында ұшырылған спутниктердің саны 10 мыңнан асты. Қазіргі уақытта 2018 жылы Жер орбитасына шығарылған екі прототипті қоса алғанда, барлығы 10 044 ғарыш аппараты ұшырылды.
Осы саннан 8 680 спутник орбитада орналасқан, оның ішінде 7 455-і өз мақсатына сай пайдаланылған. Қалғандары тобына қосу немесе тізімнен шығару, қызмет көрсету, резервте болу немесе істен шығу кезеңінде екені нақтыланды.
Жердің тығыз атмосфера қабаттарында өртеніп кеткен 1 364 Starlink аппараты орбитадан шығарылған.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 13 тамызынан бастап Қазақстанда Starlink интернеті ресми түрде қолжетімді болды.
Айта кетейік, 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін ұсына бастады.