Ғарышта қалып қойған қытайлық тайконавттар Жерге қашан оралады
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың «Шэньчжоу-20» ғарыш кемесінің экипажы жұма күні «Шэньчжоу-21» бортында Жерге оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Синьхуа.
Қытайдың Ғарыштық ұшу бағдарламасы басқармасының (CMSA) мәліметінше, экипаждың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Дунфэн алаңына қонуы 14 қарашаға жоспарланған.
— Экипаж мүшелері Чэнь Дун, Чэнь Чжунжуй және Ван Цзенің денсаулығы жақсы, ал қону алаңы мен барлық қолдау жүйесі қазіргі уақытта олардың оралуына дайындалып жатыр, — делінген ведомство мәлімдемесінде.
CMSA мәліметінше, келесі ғарыш кемесі «Шэньчжоу-22» болашақта қолайлы уақытта ұшырылады.
Еске сала кетсек, экипаждың оралуы 5 қарашаға жоспарланған болатын. Ғарыш қоқысы орбитаға түскеннен кейін оралу кейінге қалдырылды. Станция үш адамды орналастыруға арналған, бірақ миссия ауысулары кезінде алты экипаж мүшесіне дейін уақытша орналастыра алады.
Бұған дейін мамандар орбитада 200 күннен астам уақыт өткізген қытайлық «Шэньчжоу-20» басқарылатын ғарыш кемесінің экипаж мүшелерін қайтарудың жаңа жоспарын құрып жатқанын жазған болатынбыз.