Гарри Поттер телесериалының түсірілімі басталды
АСТАНА. KAZINFORM — «Гарри Поттер» телесериалының ресми түсірілім жұмыстары басталды. Америкалық HBO телекомпаниясы алғашқы кадрды жариялады — онда сиқыршы бейнесінде басты рөлді сомдайтын Доминик Маклафлин екені белгілі болды, деп жазды kino-teatr.ru.

Гермиона Грейнджердің рөлін Арабелла Стэнтон сомдайды, ал Рон Уизли ретінде Аластер Стаут таңдалды.
Бүгін сериалдың 2027 жылы жарыққа шығатыны белгілі болды. Сонымен қатар актерлік құрамның жаңа мүшелері де жарияланды:
-
Невилл Долгопупс — Рори Уилмот,
-
Дадли Дурслі — Амос Китсон,
-
мырза Олливандер — Антон Лессер,
-
Роланда Трюк — Луиза Брили.
Бұл телехикая бестселлер кітаптардың нақты бейімделген нұсқасы ретінде сипатталады.
Сиқырлы әлемнің авторы Джоан Роулинг – жобаның атқарушы продюсері.
Франческа Гардинер – сериалдың сценарисі әрі атқарушы продюсері.
Сондай-ақ, Марк Майлод бірнеше эпизодтың режиссері және продюсері ретінде жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, маусым айында HBO телекомпаниясы «Гарри Поттер» сериалындағы рөлдерге қатысуға мақұлданған тағы жеті актердің есімін жариялаған болатын.