Ғарыш саласын дамытуда Солтүстік Қазақстанның әлеуетін пайдалану мәселесі қаралады - Талғат Мұсабаев

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевпен және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаковпен кездесті, деп хабарланды СҚО әкімінің ресми сайтында.
None
None

Бүгінгі ақпараттық технологиялар заманын спутниктік байланыссыз елестету мүмкін емес. Қазақстанның ғарыш кемелерін ұшыратын «Байқоңыр» кешені бар. Қазір Ұлттық ғарыш агенттігі құрылып, аспан тұңғиығына шарықтайтын зымырандар құрастыру және сынау орталығы салынып жатыр. Бұл жөнінде ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаев мәлім етті. Халық қаһарманының айтуынша, Қазақстанда бұл ғылымды жетік білетін мамандар тапшы. Қазір агенттік қызметкерлері Франция және Англия елдерінде жаңа саланың қыр сырын меңгеріп жатыр. Бүгінде бұл шаруаға мыңдаған адам тартылған. Талғат Мұсабаев СҚО-дағы зауыттардың мүмкіндіктері жайында да сөз қозғады.

«СҚО аграрлы ғана емес өндірісі жақсы дамыған өңір. Бұл мүмкіндікті пайдаланып қалу керек. Петропавл ауыр машина жасау зауыты бізге қажет құрылғылар жасай алады деп санаймыз. Бұрындары кәсіпорын ракеталар шығаруға бейімделгендігін білеміз. Ол үшін алдымен өндіріс кешенін толықтай зерттеп алу қажет. Қазір ғарыш кемелері мен отандық жерсеріктік желілер құрастыру қажеттілігі туындап отыр», - деп атап өтті агенттік төрағасы.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков та осы маңызды тақырып аясында әңгіме өрбітті. Халық қалаулысы СҚО топырағы Александр Викторенко, Владимир Шаталов сынды атақты ұшқыштарды түлеткенін тілге тиек етті.

Жиын соңында өңір жетекшісі ел игілігі үшін аса өзекті істе өлкемізге сенім артқан қадірменді меймандарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар атқаруға даярлығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар