Ғарышкер А. Айымбетов сенімді толық ақтай алды - Талғат Мұсабаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдын Айымбетов жоғары білікті бортинженер ретінде ұшқанына мақтанамын. Бүгін бұл туралы Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
None
None

«Айдын ғарыш сапарының тек қатысушы ретінде емес, ол жоғары білікті ғарышкер қызметінде ұшты. Ол бортинженер мәртебесіне ие болды, яғни бұл маңызды қызмет болып табылады. Атап айтқанда, бұл қызмет Айдын Айымбетов кәсіби ғарышкер екенін растайды. Ғарыш кемесінде тек үш орын ғана болады. Онда кеме командирі басты маман ретінде тағайындалады, сонымен қатар кемеде бортинженер болады. Тәжірибелік тұрғыда осы екі қызметтегі мамандардың білімдері тең болады»,-деді Аэроғарыш комитетінің төрағасы ғарышта болып келген «ЭКСПО-2017» жалауын табыстау рәсімінде. Сонымен қатар, Т. Мұсабаев кемедегі үшінші адам шағын бағдарламаны іске асыруға арналған зерттеуші ретінде баратынын жеткізді. «Мен біздің Айдын ғарыш сапарының тек қатысушысы ретінде ғана емес, яғни кәсіби ғарышкер ретінде ұшқанына мақтанамын. Осы бағытта менің жұмсаған күш-жігерімді Айдын Айымбетов толық ақтай алды. Ол өте қысқа мерзімде дайындықтан өтті. Бұндайды кез келген ғарышкер еңсере алмайды. Сонымен қатар Айдын Қазақстанның ғылыми бағдарламасын да ойдағыдай орындап шықты», - деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке ғарышта болып келген «ЭКСПО-2017» жалауын табыстады.

Соңғы жаңалықтар