Ғарышкер Айдын Айымбетов Жұлдызды қалашықта оңалтудан өтуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов 10 тәулікке созылған ғарыш сапарынан кейін Жұлдызды қалашықта оңалту курсын өтіп жатыр. Оңалту жақсы өтуде, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметінен.
None
None

Қазғарыш ұсынған фотосуреттерде Айдын Айымбетовтің электрокардиограмма және биохимиялық қан талдауы процедураларынан өтіп жатқаны көрініп тұр.

Салмақсыздық жағдайында барлық бұлшықеттердің жансызданатыны және жүректі үнемі бақылау қажет екені белгілі. Салмақсыздық жағдайында кез келген ғарышкердің қан көлемі 30-40 пайызға азаяды. Сондықтан ғарыш сапарынан кейін мамандар қан құрамының қалпына қалай келіп жатқанын міндетті түрде тексеріп отырады, деп түсіндірді фотосуреттерді Қазғарыштың баспасөз қызметінен.

Айдын Айымбетов Қазақстанға оңалту курсы аяқталған соң оралады.

Соңғы жаңалықтар