Ғарышта бірінші қазақ тілі болды

Қазақстан бұл датамен тек «Байқоңыр» ғарыш айлағын байланыстырып қана қоймайды, сонымен қатар, бірінші спутниктен бастап, әрбір ғарыш аппараттың ішіне мынадай мазмұндағы жазба салынып отырған: «Жолдастар! Мына пакетті кім тапса, жақын жердегі жергілікті советке табыс етілсін». Осылайша қазақ тілі (орыс тілімен тең деңгейде) ғарышта бірінші болды.
Неліктен спутниктер осындай мәліметтері бар пакеттермен қамтамасыз етілді? Себебі капсула жоспарға сай белгіленген орынға қонбауы да мүмкін еді. Және оның қазақтың даласында болғанын ескерсек, капсулаларға іздеушілерден бұрын ауыл тұрғындарының бірі бірінші болып жетуі, оның қазақ аңшысы немесе малшысы болуы ғажап емес. Шалғайда жатқан ауылдың тұрғыны орысша түсінбеуі мүмкін болғандықтан, қазақ тіліндегі жазба да бірге салынған. Ағылшын, француз, қытай, жапон және барлық басқа тілдер ғарышта кейін болғандығын фактілер көрсетіп отыр. Ғарыш тарихынан осындай есте қаларлық жайт қазақ тілі ғарышта бірінші болды деп айтуға негіз бола алады.