Ғасыр жасаған аналар бата берді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ұлыстың Ұлы күні Қазалы ауданындағы ғасыр жасаған аналар Жанқожа батыр ауылының 103 жастағы тұрғыны Нәбира Тұрғанбай мен Ойынды ауылындағы 97 жастағы тұрғыны Балзия Ерімбетоваға сый-сияпат жасалды, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Әз Наурыз мейрамымен арнайы құттықтап барған аудан әкімі Бахыт Жаханов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбановқа ғасыр жасап отырған қос ана да алғысын білдіріп, баталарын берді.

Айта кету керек, бұған дейін Жанқожа батыр ауылында Нәбира ананың құрметіне арнайы билборд орналастырылған болатын. Мұндай игі іс-шаралар келешек жас ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар