Гауез Нұрмұхамбетов өңірдегі сепаратизм көріністермен қалай күреспек

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов өңірдегі сепаратизм көріністерімен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Гауез Нұрмұхамбетов
Фото: СҚО әкімі

«Бақытымызға орай елімізде мұндай келеңсіздіктер бірен-саран ғана. Ал жалпы, облысықа қатысты айтар болсам, ол оқиға орын алды. Бұл процесс барлық уақытта ашық өтті. Өткен аптада заңды бұзған аталған қозғалыстың ұйымдастырушысына сот үкімі шықты. Біреуінің ғана фамилиясын атайын. Ол - Зудерман, 9 жылға бас бостандығынан айыру үкімі жарияланды. Бүгінде сепаратизм сынды мұндай мәселемен Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени орталықтар айналысады. Этномәдени орталықтарға барып, басшыларымен кездестім. Түрлі мәдени орталықтардың басшылары өте білікті. Олар бүгінде сепаратистік көріністер қоғамда болмауы үшін алдын алу жұмыстарын жүргізіп, адамдармен кездеседі, мониторинг жасайды», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, мұндай мәселемен бірінші кезекте құқық қорғау органдары айналысады.

«Петропавлда орын алғандай келеңсіздік көріністер байқалып, заң бұзылған жағдайда ондай адамдар жазаға тартылады», - деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар