Гаухар Тасбергенова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Гаухар Тасбергенова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрманғазы
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Гаухар Тасбергенова – белгілі қазақстандық пианист, концертмейстер, арт-менеджер халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол К.Байсейітова атындағы мектепті бітірген, PhD in Art-management докторы.

Гаухар Тасбергенова әр жылдары халықаралық жобаларға қатысқан, атап айтқанда, Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қатысуымен «Париж-Астана: Дебюссиден Жұбановаға дейін», А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» (қоюшы-режиссер Джанкарло дель Монако), Е. Брусиловский «Қыз Жібек» (қоюшы-режиссер Михаил Панджавидзе), сондай-ақ ол опералық спектакльдерді сүйемелдейтін бас пианист-концертмейстер. Мәдениет саласындағы көптеген жобаларды әзіреп, оны жүзеге асырған.

Сонымен қатар Гаухар Тасбергенова – Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.

Соңғы жаңалықтар