Гавайидағы атқылаған жанартаудан төгілген лава мұхитқа жетті (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Килауэа - жердегі ең тынымсыз жанартаулардың бірі, ол 1983 жылдың бастап үздіксіз аткылап жатыр, деп жазды life.ru.

Гавайидағы атқылаған жанартаудан төгілген лава мұхитқа жетті (ВИДЕО)

Гавайлық Үлкен аралдағы атқылап жатқан Килауэа жанартауынан төгілген лава Тынық мұхитқа жетті. CNN хабарлағандай, бұл соңғы үш жыл ішіндегі алғашқы оқиға.

6,5 шақырымдық лава селі сейсенбі күні таңертең мұхитқа жетті. АҚШ геологиялық қызметі сел ені шамамен  20 метрді құрайтынын хабарлады.

Қызған лава шыңнан суға қарай ағылып, суып қатып жатыр. Осылайша Үлкен аралды одан сайын үлкейте түсуде.