17:25, 26 Наурыз 2025 | GMT +5
Гавайидегі Килауэа жанартауы әлі жалын атып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Әлемдегі ең белсенді жанартаулардың бірі — Гавайидегі Килауэа жалын атуын тоқтатқан жоқ, деп жазады Анадолы.

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша (USGS) жанартау он бесінші атқылау фазасына жетті.
Қызметтің мәліметінше, екі саңылаудан шыққан жалын кратер түбінің шамамен 5 пайызын алып жатыр, жалын бағандарының биіктігі 50-ден 100 метрге дейін жетеді.
2024 жылдың желтоқсан айынан бері Килауэа жанартауы барлығы 15 рет атқылаған.
Бұл атқылаулардың ең қысқасы 13 сағатқа, ең ұзағы 8 күнге созылды.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда орман өрті салдарынан кемінде 18 адам қаза тапқанын жазған едік.