Газ бағасының көтерілуі: 6 компанияға қатысты тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елде сұйытылған газ бағасының көтерілуіне себепкер болғандарға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Газ бағасының көтерілуі: 6 компанияға қатысты тергеу басталды

Атап айтсақ, «Қазмұнайгаз», «Petrosun», «Ақтөбемұнайгаз», «Қазгермұнай», «Қазақойл Ақтөбе» және «ҚазГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электронды сауда кезінде ү стем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны анықталды.

Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күн ішінде белгілі болады.