17:35, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Газ иісінен 4 адам зардап шекті
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Кеше Ақтөбе облысы Алға ауданының Маржанбұлақ кентінде қолайсыз оқиға орын алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша апат медицинасының орталығынан адамдардың газ иісінен уланғандығы туралы хабар түскен. Дәрігерлер бір отбасының зардап шеккенін, 4 адамның: екеуі ересек ? 36 жастағы ер адам мен 35-тегі әйелдің, оларға қонаққа келген 10 жасар қыз бала мен бір жасар сәбидің ауруханаға түскенін хабарлаған.Ер адамды құтқарудың сәті түспеді, қалғандары Ақтөбе қаласындағы жедел медициналық көмек ауруханасында жатыр, олардың жай-күйлері тұрақты. Орын алған оқиғаның ықтимал себебі ? от жағылатын пештегі ақаулық.